Басты бет / Жаңалықтар / ҚазАТЗУ студенті Алтынхан Аяулым дойбыдан Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды
ҚазАТЗУ студенті Алтынхан Аяулым дойбыдан Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Просмотров: 528

2024 жылдың 09-21 сәуір аралығында Өзбекстан елінің Ташкент қаласында дойбыдан ересектер (ерлер, әйелдер), ардагерлер, жастар, жасөспірімдер, ұлдар және қыздар арасында Азия чемпионаты өтті. Сары құрлықтың 15 елінің спортшылары қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жарыс үш түрлі дисциплинада өтті: классика, рапид және блиц.

Ел құрамасында өнер көрсеткен Алтынхан Аяулым, Ветеринария және мал шаруашылығы факультетінің «Ветеринариялық қауіпсіздігі» БББ тобының 3 курс студенті рапид түрінен күміс медалді иеленді. Жеңімпазымызды құттықтаймыз!