Басты бет / Жаңалықтар / ҚазАТЗУ-дың серіктес ЖОО-на оқуға тапсыруға құжаттар қабылдау басталды
ҚазАТЗУ-дың серіктес ЖОО-на оқуға тапсыруға құжаттар қабылдау басталды

Просмотров: 626

Құрметті студенттер!

 

2024-2025 оқу жылының күзгі семестрінде ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша серіктес жоғары оқу орындарына оқуға тапсыруға құжаттарды қабылдау басталды.

Өтінімге құжаттарды қабылдау 13.05.24 ж. дейін.

Басқарма төрағасы - Ректор атына жазылған өтініштен басқа барлық құжаттар электронды түрде толтырылады:

1.  Студенттің 3*4 фотосуреті бар өтініші (факультеттердегі эдвайзерден)

2.  Басқарма төрағасыРектордың атына өтініш (факультеттердегі эдвайзерден)

3.  Академиялық ұтқырлық кезеңіндегі студенттің жеке оқу жоспары

4.  Транскрипт (GPA 2,67-ден кем емес)  (түпнұсқада)

5.  Жеке куәліктің көшірмесі.

Өтініш беру үшін студенттер факультет эдвайзерлеріне немесе Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық департаментіне хабарласуы қажет!

Менеджер – Касенова Меруерт Серіккалиевна