Басты бет / Жаңалықтар / Отан қорғаушылар күні құтты болсын!
Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

Просмотров: 613

Құрметті С.Сейфуллин университетінің оқытушылары мен студенттері!

Баршаңызды 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!

Бүгінгі мереке - тәуелсіз еліміздің өзіндік қорғаныс қабілеті бар екенін білдіретін мереке. Ендеше егеменді еліміздің отын сөндірмей, қорғаныс жүйемізді бекем ұстап келе жатқан барлық Қазақстан азаматтарын төл мерекесі.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап ел қауіпсіздігін сақтауға баса назар аударылды. Еліміздің шекарасы белгіленіп, қарулы күштеріміз құрылды.

Халқымыз «Ер – елінің қорғаны» десе, батыр бабамыз Бауыржан Мо­мыш­ұлының «Отан үшін отқа түс, күймейсің!» деген сөздері ел намысын өз тағдырынан әрқашан жоғары қойды.

Бүгінгі мерейлі мерекеде университетіміздің әскери кафедрасында еңбек ететін, өмірін әскери қызметке арнап, өз қызметін мінсіз атқарып жүрген әскери қызметкерлерге, ел тыныштығын қорғап жүрген сардарларымыз бен сарбаздарымызға алғысымды білдіре отырып, тәуелсіздігіміз бен бейбітшілігімізді қас қақпай күзетіп, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін дегім келеді.

Бейбітшілікті мақсат еткен Тәуелсіз еліміздің абыройын асқақтата түсетін қуанышты күндер көп болсын!

Баршаңызды бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, мықты денсаулық, елдігімізді нығайту жолындағы еңбектеріңізге зор табыс­тар тілеймін.

Құрметті студент-жастар, бейбіт өміріміздің сақшылары! Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, қажымас қайрат, мықты ерік-жігер, таусылмас бақыт тілеймін.

Отбасыларыңыздың қорғаны, ата-аналарыңыздың үмітін ақтар азамат болуларыңызға тілектеспін.

 

Құрметпен,

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Басқарма төрағасы-Ректоры,

ҚР ҰҒА академигі Қ.М.Тіреуов