Басты бет / Жаңалықтар / Студенттеріміз Шымкентте дала жағдайында тәжірибе жүргізді
Студенттеріміз Шымкентте дала жағдайында тәжірибе жүргізді

Просмотров: 528

29 сәуір мен 5 мамыр аралығында 6В08103 – «Топырақтану және агрохимия» білім беру бағдарламасы бойынша 3 курс білім алушылары (қазақ және орыс топтары) PhD, аға оқытушы Звягин Григорий Александрович және оқытушы Жеделбаева Айгуль Сериковнаның жетекшілігімен, сондай-ақ 2 курс докторанты Толеуов Адилбек Утешович оқу практикасынан (аймақтық) өтуге Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына іс сапарға барып келді.

Іс сапардың бірінші күні зерттеу жұмыстары Қаратау ауданы, Алматы трассасы мен Ипподром (конный клуб) маңында жүргізілді. Топырақтың тік кескіні аналық тау жынысына дейін 120 см тереңдікте қазылды. Топырақ қабаттарының сипаттамасы – түсі, ылғалдылығы, құрылымы, жайласуы, гранулометриялық құрамы, жаңа жарандылар, кірме заттар, бір қабаттың келесі қабатқа өту сипаты анықталды. Генетикалық қабаттарының шекаралары анықталып, қабаттардың түсінің ауысуы белгіленді. Жұғын түсі алынды. Тұз қышқылынан (10% ерітінді) топырақ жоғары бетінен бастап қайнады. Төменгі қабаттардан бастап, жоғары топырақ қабатына дейін топырақ үлгілері алынып, үлгіге арналған қапшықтарға салынды. Этикеткаға арналған қағаздар толтырылды.

Жер бедері жазықты, жануарлар дүниесі мен өсімдік жамылғысы зерттелінді. Студенттер гербарий жинады.

Іс сапардың екінші күні 6В08103 – «Топырақтану және агрохимия» білім беру бағдарламасы бойынша 3 курс білім алушылары Асанбай Асқаров атындағы дендросаябақ ішін аралады. Бұл ағаш-бұта өсімдіктерін өңірімізде интродукциялауды жоспарлы түрде жүргізген алғашқы ғылыми мекеме болып есептеледі. Дендросаябақтың аумағы Қазақстан және Орта Азия зонасы, Еуропа, Қырым, Кавказ, Қиыр шығыс, Сібір, Шығыс Азия және Солтүстік Америка сияқты флористикалық аймаққа бөлінген.

Іс сапардың үшінші күні Түркістан облысы, Төле би ауданы, Алатау ауылдық округі (Леңгір ауылы) маңында тау етегі топырақтары (өңделген) мен таулы аймақ топырақтарын зерттеу мақсатында бірнеше топырақ кескіні қазылды. Топырақ қабаттарының сипаттамасы, яғни түсі, ылғалдылығы, құрылымы, жайласуы, гранулометриялық құрамы, жаңа жарандылар, кірме заттар, бір қабаттың келесі қабатқа өту сипаты анықталды. Гербарий жиналды.

Жалпы, төрт күнге созылған студенттердің дала жағдайында жүргізген тәжірибелік практикасы теориялық білімді бекіту үшін өте маңызды болды. Мамырдың 6-нан 8-не дейін Шортанды ауданы, Научный кенті, «А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығы» ЖШС-де 6В08103 – «Топырақтану және агрохимия» білім беру бағдарламасы бойынша 3 курс білім алушылары (қазақ және орыс топтары) оқу (аймақтық) практикасынан өтеді. Білім алушылар практика соңында жазбаша есеп тапсырады.