Басты бет / Жаңалықтар / Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы ҚазАТЗУ-мен ынтымақтастық орнатуда
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы ҚазАТЗУ-мен ынтымақтастық орнатуда

Просмотров: 559

        Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы басшылары Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті қызметкерлерін қабылдап, келешекте бірлесіп жұмыс істеп, қазақ диаспора балаларын университетке қабылдау, дайындық бөлімін ашуды жоспарлады.

         Экономика факультеті деканы Сабырова Мадина Елемесқызы «Стипендиялық бағдарлама» бойынша оқу барысын түсіндірді. Университет тарабынан Деканның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Хавджалел Хасамхан, Есеп және қаржы кафедрасының меңгерушісі Шаукерова Зина Мақышқызы, Экономика кафедрасының меңгерушісі Темирова Ақмарал Болатқызы, Экономика кафедрасының аға оқытушысы Мұрсалова Халима Нұғманқызы, Менеджмент және маркетинг кафедрасының аға оқытушысы Нуртаева Жанар Шаншарқызы қатысты.

      Бірлесе көтерген жүк жеңіл демекші, шетелдегі қазақ диаспора балаларын елге шақырып, білім беру барысында дүниежүзі қазақтары қауымдастығы басшылары өз бағыт-бағдарларын айтып, алдағы уақытта университет басшыларымен бірлескен онлайн конференция ұйымдастырып, оған шетелдегі диаспора өкілдерін қатыстыру жоспарланғандығын айтты.

         Келген қонақтар 67-жылдық тарихы бар жұлдызы биік, тамыры тереңде жатқан университет жағдайы өте тамаша, студенттер жатақханамен, асханалары арзан және сапалы тағаммен қамтылғандығын, білім сапасы жоғары, заман талабына сәйкес екененін тілге тиек етті.

         Алдағы уақытта екі мекеме арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарланды.